"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.

Борис Акунин

Тіл және әдебиет институты түлектеріне жоғары білім туралы дипломдар табысталды

Тіл және әдебиет институтының 132 түлегіне ЖОО аяқтағаны туралы дипломдар табыс етілді. Оның ішінде 35 үздік диплом. Салтанатты рәсімде ғылыми жұмыс пен сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Қайыржанова Л.С., түлектердің оқытушылары, ата-аналары мен достары қатысты.

Дипломнан басқа үздік студенттерге озат оқу мен университет пен институттың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін грамоталар табыс етілді. Ерекше студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етілді.

Шығармашылықта табысқа жеткен түлектер «Шаңырақ», «Пилигрим», «Кривое зеркало» студенттік театрлар мен «Антурнан» қазіргі хореография ансамблі сертификаттарымен марапатталды.

Салтанатты рәсімнің бағдарламасында – түлектердің орындауындағы әндер, құттықтау мен алғыс сөздер. Бұл ұзақ оқу жылдар бойы көптен күткен құжат ең толқынысты да салтанатты мерекеде студенттер қолына табысталды!

23.06.2016