Сөздәйектер галереясы
Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.
Б. Момышұлы
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де ЖОО-да жұмыс істейтін жастар ұйымдарының бірлескен отырысы өткізілді
6 қыркүйек күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де ЖОО-да жұмыс істейтін жастар ұйымдарының (ЖІК, студенттердің кәсіподақ ұйымы, студенттік ректорат, КТК құрамасы, СҚО студенттерінің Альянсы) бірлескен отырысы өткізілді. Жиналыста келесі сұрақтар талқыланды:
1 Студенттік және жастар қоғамдық ұйымдармен танысу.
2 Белсенділерді Студенттік ректорат жаңа ұйымын құру жоспарымен таныстыру.
3 Студенттік және жастар қоғамдық ұйымдарының бірлескен жұмыс жоспарын құру.
Талқылау барысында жиналыс қатысушылары жастар ұйымдарының көшбасшыларына студенттік өзін-өзі басқаруының даму келешегі туралы сұрақтар қойып, сол сұрақтарға толық жауап алды.
08.09.2016
