2016 жылғы ғылым саласындағы сыйлықақы алуға байқау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі 2016 жылдың:

1. Ғылым саласындағы жыл сайынғы сыйлықақыларын:

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлықақысын;

- гуманитарлық ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Ш.Ш. Уәлиханов  атындағы бір сыйлықақысын;

- педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеу және жұмыс үшін Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлықақысын;

- түркітану саласындағы көрнекті жетістіктер үшін Күлтегін  атындағы бір сыйлықақысын;

- жас ғалымдарға жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыстары үшін Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлықақысын;

- жас ғалымдарға гуманитарлық ғылымдары саласындағы үздік жұмыстары үшін М.О. Әуезов атындағы бір сыйлықақысын;

2. 75 мемелекеттік ғылыми шәкіртақыларын, соның ішінде 35 жасқа дейін немесе 35 жастағы дарынды жас ғалымдарға  50 мемелекеттік ғылыми шәкіртақыларын алу үшін байқаулар жариялайды.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ Ғылым комитеті сайтында (http://sc.edu.gov.kz)  «Сыйлықақылар және шәкіртақылар» тарауында. Авторлар немесе олардың сенім жүктелген тұлғаларынан байқауға материалдар  республикалық баспасында хабарландырудың шығу сәтінен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында  (2016 жылдың 14 қыркүйегінен) келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, Министірліктер үйі, 1045 каб., тел. 74-20-29, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірлігінің Ғылым комитеті.

16.09.2016
Научно-исследовательская служба