"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ақыл азбайды, Білім тозбайды.

Мақал

Студенттік жатақханалар арасында «Сұңқар» спорт клубы кубогы үшін мини-футболдан жарыс өткізілді

Қыркүйектің 10-11 күндері студенттік жатақханалар арасында «Сұңқар» спорт клубы кубогы үшін мини-футболдан жарыс өткізілді. Студенттік ректорат, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттер кәсіподағы жарыстың ұйымдастырушылары болды.  «Центр поддержки женщин» ҮЕҰ тарапынан демеушілік қолдау көрсетілді

Жарысқа 5 команда қатысты:

№1 жатақхана – «Тарихшылар»;

№2 жатақхана – «Қайсар», «Ордабасы»;

№3 жатақхана – «Барыс», «Қызылжар».

Командалар арасында орындар осылайша бөлінді:

3 орын – команда «Ордабасы»;

2 орын – команда «Қайсар»;

1 орын – команда «Қызылжар».

Қасым Азамат жарыстың «Үздік ойыншысы» атанса, «Қызылжар» командасы ойыншысы Жұмабаев Азамат «Үздік шабуылшы» атағының иегері болды. 

19.09.2016