"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

В.А.Сухомлинский

«Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының қызметкерлері М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттеріне дәрістер оқыды

16 қараша күні Қазақстан Республикасында Халықаралық толеранттық күні атап өтіледі.

2016 жылдың 15-16 қараша күндері «Этноконфессиялық келісімнің қазақстандық моделі» лекторийі аясында «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының қызметкерлері  (кафедраның меңгерушісі Л.А. Гривенная, кафедраның маманы  А.С. Кадырменова) М. Қозыбаев атындағы СҚМУ топтарының (РЭТ-15, МТЖ-15, Б(ж)-15), АЖ-15-1, Т-15, ПР-15, ЭЭ-15, МЖ-15, Қ-15, ДЗ-15, ШТ-15қ, ДФ-15қ, Х(о)-15қ, Ф(б)-15қ, Ин(б)-15қ, М(б)-15к, МЖ-16-қ, ШТ-16қ-1, ҚТӘ-16-1, Ин(б)-16қ, Ф(б)-16қ, Т(б)-16қ) студенттеріне «Жер және көп этникалы Қазақстан халқының жанжақты келбеті»/ «Многоликий облик населения Земли и полиэтничного Казахстана» дәрістерін оқыды.

Дәрістер барысында адам нәсілдерінің, ғаламшар рулық қауымдастықтарының, халықтар мен ұлттардың шығу тегі сұрақтары қарастырылды. Көші-қондық үрдістерді жаһандандыру, басқа мәдениетті мигранттардың бейімделуі сұрақтары көтерілді. Қазақстанның көп этникалы келбетін қалыптастыру тарихына, ҚР-ның заманауи этникалық құрамына назар аударылды. Нәсіларалық, халықаралық және этносаралық толеранттылық қағидаларын ұстану бойынша ұсынымдар берілді.

Дәрістер диалог түрінде өткізіліп, студенттер өз ойларымен бөлісті, сұрақтар қойды.

16.11.2016