Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігі SUR PLACE бағдарламасын ұсынады

Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігі назарларыңызға Конрад Аденауэр атындағы қорының SUR PLACE бағдарламасын ұсынады.

Бұл бағдарлама көмегімен Қор оқудағы қабілеттігін ашып қана қоймайтын, сондай-ақ, өз білімдерін, күштерін және бастамаларын елінің саясаттық және қоғамдық өміріне қатысуға арнай алатын дарынды жастарға қолдау көрсетеді.  

SUR PLACE гранты 5 ай мерзіміне берілетін ай сайынғы қайтарымсыз ақшалай төлем.

Байқауға кім қатыса алады?
Қазақстан ЖОО-ның күндізгі бөлімдерінде білім алатын және байқау іріктеуінен өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қордың шәкіртақы алушылары бола алады. Соңғы оқу курсының студенттеріне шәкірақыны беру ерекше жағдайларда мүмкін. Құжаттарды тапсыру сәтінде қатысушы жасы 30-дан аспау керек. Байқау іріктеуі кезінде артықшылық қоғамдық және гуманитарлық факультеттер (политология, экономика және қаржы, басқару, құқықтану, ең соңғы тарих, журналистика, философия, дінтану және т.б.) студенттеріне беріледі.

Байқау іріктеуі
Конрад Аденауэр атындағы қордың болашақ шәкіртақы алушылары екі кезеңді байқау іріктеуін өтеді: төменде берілген тізім бойынша құжаттар пакетін тапсыру және сұхбаттасу.

Байқауға қайда және қалай қатысуға болады?
Іріктеу байқауына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
• үміткердің толтырылған сауалнамасы, өзекті фотосуретпен бірге – сауалнама формасын www.kas.de/kasachstan сайтынан жүктеуге болады.
• түйіндеме (неміс немесе ағылшын тілінде)
• неміс немесе ағылшын тілінде болашақ кәсіби қызметте алынған білімді қолдану бойынша оқу мақсаты мен жоспарлары қысқаша баяндалған негіздеме хаты (ең көбі 2 бет)
• білім туралы құжаттардың көшірмелері (университетпен расталған неміс немесе ағылшын тіліне аударылған сынақ кітапшалары және сертификаттарының көшірмелері
• неміс немесе ағылшын тіліне аударылған қосымшамен бірге жоғары білім туралы диплом көшірмесі (магистратура, докторантура студенттеріне)

• неміс немесе ағылшын тілінде ЖОО-ның екі оқытушыларынан байланыс телефондары және/немесе электрондық пошта мекенжайы белгіленген оқу, саясаттық немесе қоғамдық қызметтегі үміткер қатысуының бағасы берілетін ұсынымдар
• оқу орнынан анықтама (неміс немесе ағылшын тіліне аударылған)

Құжаттардың толық пакетін тек пошта арқылы келесі мекенжайға жолдау керек:
Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігі
010001 Астана қ.
Қабанбай Батыр даңғылы 6/3-83
«SPS байқауына»
Құжаттар тапсырудың соңғы мерзімі: 15.01.2017 (жөнелтудің пошта мөрқалыбы)

Сұхбаттасуға жол жүруге байланысты шығындар
Сұхбаттасуға іріктеу кезеңінің барлық критерияларына сәйкес келетін қатысушылар ғана шақырылады.
Сұхбаттасуға қатысу бойынша шығынды (тек жазбаша хабарламадан кейін) жеке жағдайларда Фонд өзіне алады. Бас тарту жағдайында құжаттар қайтарылмайды.
Қор және берілген бағдарлама туралы толығырақ ақпарат www.kas.de/kasachstan сайтында.

25.11.2016