«Шаңырақ» театры Степногорск қаласында өткен Ұлттық дельфия ойындарында 3 орынды иеленді

«Шаңырақ» қазақ студенттік театрының шығармашылығы кәсіби сыншылармен жоғары бағаланды. Степногорск қаласында өткен Ұлттық  дельфия ойындарында театр 3 орынға лайық болды. Оған қоса, жас актерлер елдің театрлық ЖОО-ларымен қатар өнер көрсетті. Байқауда олар 2 спектакль ұсынды. Оның біреуін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың сахнасында көрсетті.

Георгий Хугаевтың «Черная бурка» пьесасы – бұл философиялық өсиет әңгіме. Бақташыдан басқа әрекет етеін тұлғалар – жануарлар: Ит, Қасқырлар, Түлкі, Қоян, Есек, Қарға және т.б. Сөз мәңгілік жайында – махаббат пен достық, адалдық пен сатқындық, өмірдің қайшылығы жайында: барлығы адамдарда сияқты...

«Черная бурка» жас актерлерге мүлдем жаңа көріністе өнер көрсетуге мүмкіндік берді. Қоянның қорғансыздығы, Есектің қырсықтығы, Қасқырдың аяусыздығы, Қарғаның даналығы және Түлкінің айлакерлігі... Ешкімнің жануарларға еліктегені көрінбейді, себебі шынында әңгіменің кім туралы екенін барлығы біледі. Бұл ертегіні Айнұр Бекманова іске асырды. Дельфия ойындарында ол «Үздік режиссер» атағына лайық болды.

Айнұр Бекманова – «Шаңырақ» қазақ студенттік театрының режиссері:

«Фестивальде қазылар алқасы барлығы 4 режиссерді бағалады. Мұндай жоғарғы бағаға, ең біріншіден, біздің актерлеріміздің ойыны әсер етті. «Шаңырақ» құрамында әр түрлі мамандықтардың студенттері болғанына қарамастан, сахнада олар керемет құбыла алады. Мұның артында үлкен еңбек пен кәсіпқой болуға ұмтылыс жатыр. Біз өз табыстармызға өте қуаныштымыз және көрермендерді жаңа қойылымдармен қуантуға тырысамыз».

Хиқаяның басты кейіпкері – Азамат Қалыбектің орындауындағы Адал төбет Тузар. Ол қиын таңдау алдында тұр: өзінің сүйікті Чибарымен қасқыр үйірінде қалу немесе адамға деген адалдығын сақтау.

Азамат Қалыбек – студент, «Шаңырақ» қазақ студенттік театрының актері:

«Рөл қиын. Актерлерде жеңіл рөлдер болмайды. Бірақ мен одан үлкен ләззат аламын.  Қойылым өте өнегелі. Қазір көрермендер көп нәрсені сезінеді деп үміттенемін. Бұл біз үшін ең үлкен сый болар еді».

Хикаяның қайғылы аяғы көрермендердің жүректерін дүрліктірді. Тузар өз иесінің қолынан ажал құшады. Әрбір сәт адам алдына таңдау қояды. Жақсылық немесе жамандық – бұл оның өз таңдауы. Осы жайлы «Шаңырақ» театрының актерлері баяндады.

02.12.2016