Университетте «СҚМУ-дағы кәсіпкерлік білім беру: даму негіздері мен келешегі» дөңгелек үстелі өтті

«СҚМУ-дағы кәсіпкерлік білім беру: даму негіздері мен келешегі». Осындай тақырыпта ЖОО-да қаржы мекемелері, «DAMU»  қоры және СҚО Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Отырыс ректор Серік Өмірбаев бастауымен өткізілді.

Еліміздің орташа-мамандырылған мекемелерінде болашақ кәсіпкерлерді даярлау басталды. Биылғы жылдан колледждерде «Кәсіпкерлік» пәні енгізілді. Жиналғандар алдында басқа міндет тұрды: «Бұл үрдісті жоғары білім беру жүйесіне Солтүстік Қазақстан мемелекеттік университеті үлгісінде қалай енгізуге болады?».

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да кәсіпкерлік білім беруді дамыту мақсатында бірінші шаралар қолданылды. «Қаржы және менеджмент», «Экономика және есеп» кафедраларымен экономикалық мамандықтарда сәтті апробацияланған Тұжырымдама әзірленді. Мұндай жұмыстар жүргізу ЖОО-ның басқа мамандықтарында да жоспарлануда.

СҚМУ студенттері арасында бірінші кәсіпкерлер де бар. «Юриспруденция» мамандығының студенті, Жулдызай Нурушев,а дөңгелек үстел отырысына қатысты. Өзінің қазақ ұлттық киімін тігу және жалға беру ательесін ол 2 жыл бұрын, 19 жасында ашқан болатын. Ойлағанын жүзеге асыруда оған «DAMU» қоры қолдау көрсетті.

Өз ісін ашып, кәсіпкер адамдарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыздандырып, еліміздің экономикасының дамуына өз үлесін қосуда.  Жастардың бизнеске деген ынтасын Кәсіпкерлер палатасы да қолдайды.

Дөңгелек үстел қорытындылары мемлекет пен бизнес үшін жаңа форматтағы менеджерлерді даярлаудағы кәсіпкерлік және университет іс-әрекеттері үшін негізді қамтамасыз етуге тиіс.

02.12.2016