ЖОО-да «Нұрсұлтан Назарбаев – халықаралық деңгейдегі көшбасшы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

1991 жылдың 1 желтоқсаны – бұл күнді барлық қазақстандықтар біледі. Дәл осы күні халқымыздың таңдауы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсті.  Университетіміздің ұжымы  «Нұрсұлтан Назарбаев – халықаралық деңгейдегі көшбасшы» ғылыми-тәжірибелік конференциясында Елбасының дана саясатына қолдауын білдірді.

Іс-шараны СҚМУ-ның ректоры Серік Өмірбаев ашты. Ол өз сөзінде елдің Тәуелсіздік жылдар бойы жеткен жетістіктері Елбасының дана саясатының нәтижесі екенін атап өтті.  Нұрсұлтан Назарбаев – заманауи әлемнің тәжірибелі саясаткерлерінің және мемлекеттік қайраткерлерінің бірі. Ол Қазақстанымыздың дамуына бағытталған стратегияны анықтады.

Университетіміздің студенттері тарихи үрдістегі ұлт көшбасшысының рөліне арналған баяндамаларын ұсынды. Сөз сөйлеуге олар шығармашылық бағыттан және үлкен жауапкершілікпен келді.

Конференцияда университет ректоры педагогикалық жұмыс ардагерлеріне медаль табыстап, университетіміздің оқытушыларын құрмет мақтау қағаздарымен марапаттады, сондай-ақ, үздік оқып, ЖОО-ның ғылыми және қоғамдық өміріне қатысқандары үшін үздік студенттерді атап өтті.  

02.12.2016