СҚМУ-ның студенттері «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың IV патриоттық форумына қатысты

2016 жылғы қараша айының 29 күні Алматы қаласында Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың IV патриоттық форумы өтті.

Қазақстанның 63 жоғары оқу орындарынан 1 500 жуық  студенттер қатысқан еді. Олардың ішінен ең үздік 350 жұмыс таңдалды.

Біздің университеттен: Г(е)-13 тобынан Нуртазина Жанбота, СПС-14 тобынан Мингулова Арина , Х(о)-15к тобынан Абдималикова Асель, Экол-13 тобынан Нурислямов Айдар  финалға жолдама алды.

Финалға жолдама алған студенттеріміз Нуртазина Жанбота – «Жылы жүрек», Мингулова Арина – «Асқақ арман», Абдималикова Асель – «Талғампаз әнші», Нурислямов Айдар – «Инновациялық жоба» номинацияларымен, мадақтама қағаздармен және бағалы сыйлықтармен университет қабырғасына оралды. 

05.12.2016