ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында «25 жылғы бірлік пен жасампаздық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2016 жылдың 8-9 желтоқсан күндері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жылдық бірлік пен жасампаздық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Мемлекет тарихының институты.

Іс-шараға АҚШ, Голландия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан сарапшылары қатысты. Конференцияда Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы, ұлттық экономиканы жаңғырту қорытындылары мен келешегі, ғылыми-инновациялық саланың жетістіктері және басымдықтары, мәдени мұра, Қазақстандағы Президенттік институт, сондай-ақ, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі, Қазақстанның әлемдік үдерістегі орны туралы айтылды.

Конференция жұмысына М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ғалымдары: ғылыми хатшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Ибраева А. Г., "Қазақстан халқы ассамблеясы" каф. меңгерушісі, т. ғ. к, доцент – Гривенная Л. А.  қатысты.

Конференция басталар алдында А. Қашкымбаевтың «Ильяс Есенберлин 1915-1983»; К.Ерімбетованың «Қалдырған ізі мәңгілік. Қазақтың тарих ғылымы. Академик Анна Панкратова (первая половина ХХ века)»; Б.Г. Аяғанның, Ж.М. Сабитованың, А.К. Сейпилованың «История независимого Казахстана. 1991-2016» кітаптарының презентациясы өткізілді.

Конференция аясында «Мемлекеттіктің құрылуы мен нығаюындағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың рөлі» пленарлық отырысы,  «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан»; «Қазақстан дамуының әлеуметтік-мәдени векторлары: өткені, қазіргісі, болашағы», «Инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе» 3 секциясы өткізілді.

Гривенная Л. А. "Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бренді" тақырыбымен сөз сөйледі. Ол қатысушылардың назарын ҚХА кафедралары жоғары оқу орындарының қызметіндегі жаңа бағыт болып табылатын және ол мемлекеттік этносаясатты өткізетін және оқу-тәрбие үрдісі арқылы "Мәңгілік ел" құндылықтарын енгізетін этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің және оның құрылымдық жаңғыртуының ерекшелігіне аударды.

Ибраева А. Г. өз сөзінде 2016-2017 оқу жылындағы жоғары оқу орындарында енгізілген «Қазіргі Қазақстан тарихы» жаңа пәнінің мазмұнына назар аударды және оның оқытуында жас ұрпақтың отаншылдығы мен патриотизмді қалыптастыру мақсатында тәуелсіз Қазақстанның кезеңіне және жетістіктеріне көп көңіл бөлуді ұсынды.

12.12.2016