ҚХА кафедрасының қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2016 жылдың 9 желтоқсанында Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тату көршілігіне 25 жыл" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция ұйымдастырушылары: ««Урал-Еуразия» сарапшылар клубы» (Екатеринбург қ.), «Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдарының ассоциациясы» (Петропавл қ.), «Еуразиялық интеграция институты» АТО (Көкшетау қ.), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы (Петропавл қ.).

Іс-шараға Екатеринбург және Түмен қалаларының оқытушылары мен магистрлері, СҚО-ның этномәдени бірлестіктері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың, гуманитарлық-техникалық колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді, жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын сақтау қажеттілігіне, білімді кеңейту мен РФ-тың шекаралас жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру қажеттілігіне назар аударылды.

Салимов Н.К. – Солтүстік Қазақстанның Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі облыстық ассамблеяның қызметі және ҚХА-ның алдына алдағы уақытта қойылған медиацияны, қайырымдылықты және Қоғамдық келісім кеңесінің қызметін дамыту сияқты міндеттерге тоқталды.

Гривенная Людмила – ҚХА каф. меңгерушісі, т. ғ. к., өз сөзінде 2016 жылдың 8 желтоқсанында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың кітапханасында өткен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жылдық бірлік пен жасампаздық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясынан алған әсерімен бөлісті. Людмила Александровна қатысушылардың назарын тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін шетелдік ғалымдармен танылуына аударды: бірлік пен келісімді сақтау, шекараларының мызғымастығы, ядролық қарудан бас тарту, ҚР жаңа Конституциясы мен мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы, бейбіт сүйгіш сыртқы саясаттың жүргізілуі, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі, нарықтық экономикаға көшу, шетелдік инвестицияларды тарту, ұлттық валюта – тенгенің енгізілуі.

Конференцияның қатысушылары ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қазақстандық қоғамның жаңартудағы және сыртқы саясатын жүргізудегі жеке еңбегіне өз ризашылықтарын білдірді.

Бурнасов Александр – тарих ғылымдарының кандидаты, ««Урал-Еуразия» СК-ның»  сарапшысы Свердлов облысы қоғамдық бірлестіктерінің ҚР қоғамдық бірлестіктерімен жинақталған өзара қарым-қатынас тәжірибесіне және СҚО қоғамдық бірлестіктерінің  гуманитарлық саладағы ресейлік облыстарлың қоғамдық бірлестіктерімен және мемлекеттік ведомстволарымен өзара қарым-қатынас тәжірибесіне баға берді. Ол шекара бойындағы облыстар арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.  

Вадим Рудаков – тарих магистрі, ««Урал-Еуразия» СК-ның» сарапшысы қатысушыларға 100 жыл (1917-2017 жж.) бойы тарихи көрікті жерлері бойынша туристік бағыттардың ресейлік-қазақстандық жобасының әзірленуі туралы ақпарат берді және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттерін оған қатысуға шақырды.

12.12.2016