«Журналистика» кафедрасында студенттердің бұқаралық ақпарат құралдарының танымал өкілдерімен кездесуі өтті

«Журналистика» кафедрасында студенттердің бұқаралық ақпарат құралдарының танымал өкілдерімен кездесуі өтті. Олардың арасында есімдері біздің облыста ғана емес, одан да тыс жерлерде мәлім журналистер, фототілшілер болды. Олар – Раиса Бикмухаметова, Александр Коротков, Галина Воробьева, Әйгерім Құсайынова.

Мұндай кездесулер талай рет өткізілген, бірақ бұл кездесу ерекше болды. Журналистер жинақталған білімдері мен шеберлік құпияларымен бөлісті. Александр Львович Коротков студенттерге БАҚ-тағы ұзақ жылдар бойы атқарған жұмыс барысында мыңдаған суреттерден тұратын үлкен фотомұрағат құрылып сақталғаны туралы айтты. Ол көптеген жылдар бойы біздің қала мен облыста болған барлық маңызды оқиғаларды суретке түсіре алған.

Кездесу қонақтары зейнеткерлік демалыста болғанына қарамастан, сүйікті істерімен айналысуды жалғастыруда. Бұрын татар-башқұрт ұлттық орталығын басқарған Раиса Гарифовнаның, тек біздің өңірімізде, елімізде ғана емес, бүкіл әлем бойынша тараған, сондай-ақ, өлкетану мен этнос тарихын зерттейтін СҚМУ-дың студенттері үшін күнделікті қажет кітапқа айналған бірінші кітабының жарыққа шыққан күнінен бастап 15 жылдан астам уақыт өткені есіне түсті. Ал Қазақстан журналистер Одағының облыстық филиалының төрағасы, Галина Воробьева өзінің облысымыздың танымал тұлғалары туралы баяндайтын кітабімен бөлісті.

Шақырылған қонақтардың арасында кафедрамыздың жас түлегі Астана республикалық арнасының және «Қазақстан-Петропавл» облыстық телеарнасының меншікті тілшісі Әйгерім Құсайынова да болды.

Көптеген жылдар бойы біздің университетте болашақ журналистерді білікті мамандар дайындайды.

Кездесу соңында студенттер қызықтыратын сұрақтарын қойып, мамандықтың егжей-тегжейлері туралы ақпарат алды.

13.12.2016