Ауыл шаруашылығы кафедрасында В. Б. Байдың жарқын бейнесіне арналған дөңгелек үстелі өтті

Желтоқсанның 8 күні ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, етті мал шаруашылығын сұрыптау саласындағы танымал ғалымы Владимир Борисович Бай 80 жасқа толар еді. Осы оқиға құрметіне университетіміздің ауыл шаруашылығы кафедрасында ЖОО-ның профессор-оқытушылық құрамының, университет студенттерінің, «Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» өкілдерінің, еңбек ардагерлерінің, сондай-ақ, ғалымның туғандары мен достарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Владимир Борисович 1936 жылы ауыл зиялысы жанұясында дүниеге келді. Оның балалық және жастық шағы Ақмола облысында өтті. Мұнда, әкесіне көмектесіп, ол бала кезден мал өсірушінің қиын да игілікті жолын таныды. Мектепті тәмамдағаннан кейін оның осы кәсіпті саналы таңдағаны таңдандырмайды. Владимир Борисович нағыз ғалымға айналудың барлық сатыларын өтті. Өз жолын кіші ғылыми қызметкерден бастап, ол Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының етті мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісіне дейін көтерілді.

Өмірінің соңғы жылдары, 2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін, Владимир Борисович М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жұмыс істеді. Онда ол студенттерді тәрбиелеп, оларды ең жақсы адамдық қасиеттерге баулып, олармен ғылыми, өндірістік және өмірлік тәжірибесімен ынталана бөлісті.  

Бұл мерейтойлық күнді атай отырып, оны білген адамдар оны талантты ғалым, тамаша педагог, жомарт адам және ашық жан ретінде есте сақтайды.

13.12.2016