Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған флешмоб

Биыл еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атауда. Бүкіл Қазақстан бойынша осы ерекше мәні бар күнге арналған жаппай флешмобтар өткізілуде. Университетіміздің студенттері шетте қалмай, барлық факультеттердің 150 жуық өкілдері біздің университеттің басты алаңына шықты.

Отаншыл ниеттенген ұлдар мен қыздар танымал қазақ өлеңдеріне синхрондық қимылдар орындады. Бұлыңғыр ауа райы да оларға өз елін құттықтап, флешмобқа жиналғандарға жақсы көңіл-күй сыйлауға кедергі келтірген жоқ.

Іс-шара соңында Қазақстан және оның бай тарихы жайлы өлеңдер орындалды. Аязды қысқы ауада отанға деген махаббат пен шын берілегндік сезімі орын алғандай болды. Әлбетте, флешмоб қатысушылары барлығын келе жатқан мереке рухымен қуаттады.

13.12.2016