«Болашаққа сыбайлас жемқорлықсыз» форумы өтті

Өткен бейсенбі күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік-Қазақстан бойынша департаментімен «Болашаққа сыбайлас жемқорлықсыз» атты форумы өткізілді. Форумға қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары, колледждердің, СҚМУ-дың студенттері, мүдделі мемлекеттік органдар және қоғамдық, жастар ұйымдарының өкілдері шақырылды. Бұл форум Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған.

Университетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдайды және осындай іс-шараларды өте жиі өткізеді. Мұндай іс-шаралар ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларында сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде негатівті көзқарас қалыптастыруға бағыттайды.

Бұл күні азаматтық сектор өкілдерінің ең белсенділерін құттықтады. «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша үздік әлеуметтік жоба» және қар үстінде салынған карикатура байқауларының жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және кубоктармен марапатталды.

13.12.2016