Анатолий Слезконың концерті өтті

Өзінің ішкі әлемін терең сезіммен байытуға тырысып сүйетіндерге СҚМУ-дың акт залында фортепиано музыкасының кеші өтті. Андрей Слезко – музыкант, педагог, өнер насихатшысы. Университеттің ПФ "Сазды пәндер" кафедрасының аға оқытушысы  осындай жоғарғы деңгейден түспеуге тырысады. Дәрістер оқып, студенттермен сабақтар өткізіп, Андрей Анатольевич ең сырлас досы фортепианомен кездесуге асық.

Слезконың музыкалық жанұясы қаламызда кеңінен танымал. Өнертану кандидаты, сазды-педагогикалық факультетінің бұрынғы деканы, марқұм Анатолий Ефимович Слезконың  адал ниетті көп жылғы еңбегі – оның көптеген түлектеріне, оқушыларына және қадірлеушілерге естелік. Ол ең танымал консерваторияларда музыкалық оқу-ағартуда қызмет ете алар еді. Бірақ ол қаламызда «парасатты, мейірімді, мәңгілікті» таратуды артық көрді. Ол өзінің музыкаға деген махаббаты ұлының бойынан да табылды. Андрейдің анасы, Альбина Иосифовна да студенттермен университетіміздің ең сазды кафедрасында жұмыс істеді.

Концертте ұлы неміс композиторларының музыкасы орындалды. Көркемдік әлеміне батқан тыңдаушылар Людвиг ванн Бетховенмен бірге азап шекті, Роберт Шуманмен ғашық болды, Сергей Васильевич Рахманиновпен армандады.

Андрей Анатольевич сиқырлы Музыканың ұлы авторларының әрбіреуі шығарған әуен тілін өте дәл жеткізеді. Көрермендер үлкендердің ғана емес, сондай-ақ, жастардың жүректерін жаулаған музыкант ойынын бақылады.

«Жанның шабыты!» – міне, бұл осындай мәдени іс-шаралардың дәл сипаттамасы. Әр концерт жаңа қиын сазды шығармаларды игерудегі А.А. Слезко жұмысының ерекше қорытындысын шығарады. Сонымен қатар, музыкант-оқытушы жаңа көкжиектерді ашады. Оның репертуарында тыңдаған сайын көкке ұшып самғағың келетін әдемі вальстер, ноктюрндер, композициялар мен этюдтер кездеседі.

13.12.2016