Әлемнің саяси картасында 25 жыл

Желтоқсанның 13 күні М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи жолы» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  

Форумға СҚО Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Каринова, «Нұр Отан» партиясының СҚОФ төрағасының орынбасары Елена Балло, СҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Кемел Оспанов, Петропавл қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Нұрғали Елшібеков қатысты. Сондай-ақ, ғылыми баяндамалармен университеттің белсенділері Әсемгүл Темірханова («Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы), және Богдан Петров («Журналистика» кафедрасы) сөз сөйледі.

Пленарлық отырысты СҚМУ-дың ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының кандидаты Лаура Қайыржанова ашты.

«Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз, бұл халықтың өз жері мен тарихи тағдырының қожасы болу құқығы үшін көп ғасырлық күрестегі салтанат тәжі. Ол өз сөзінде: «Ұлттық абыройды құрметтеу құқығы мен Қазақ жерінің мемлекеттік және аумақтық тұтастығын қорғаған біздің отандастарымыздың көптеген ұрпақтары өз тағдырларын тәуелсіздік мехрабына жатқызды», - деп атап өтті.

Конференция қатысушылары еліміздің Тәуелсіздігінің маңызды құндылықтарын өз баяндамаларында көрсетті. Оның ішінде: Қазақстанның тұрақтылығы, қарқынды экономикалық даму, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, елдің бас құжаты – ҚР Конституциясындағы азаматтардың бостандығы мен құқықтары.  Маңызды басымдық ретінде біздің жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы – "Мәңгілік Ел" туралы айтылды.

Кездесу соңында ЖОО студенттері мен оқытушыларының бірқатары медальдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Форумға қатысушылар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

14.12.2016