ҚХА кафедрасы аймақтық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді

2016 жылдың 21 желтоқсанында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың "Қазақстан халқы ассамблеясы" кафедрасы университеттің оқытушылары мен студенттеріне, №17 ҰӨОМК ұлттық бөлімшелерінің мұғалімдеріне, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшілері мен мүшелеріне арналған "Қазақстан халқының азаматтық барабарлығы мен бірлігі: теориялық негіздері және іске асыру жолдары" атты аймақтық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – қазақстандық барабарлық пен бірлікті нығайту және дамыту, жастар арасында отаншылдықты қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу.

Семинар барысында қатысушылармен ҚР этносаясатының негізгі бағыттары, Қазақстандық барабарлықты және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелері, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының негізінде азаматтық барабарлықты және қазақстандық отаншылдықты қалыптастырудағы тарихи білім мен мемлекеттік тілдің рөлі туралы сөз назарға ұсынылды.

Семинарға қатысушылар өзге ұлт өкілдерімен (белорустар, армяндар, украиндықтар, орыстар, поляктар және т. б.) азаматтық сәйкестендіру және шет елдерден оралған этникалық қазақтарды интеграциялау және бейімдеу проблемаларын ортаға салды.

Сөз сөйлеушілер этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы айтты, оның ішінде - "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚҰ-ның филиалы, СҚО Қызылжар ауданының Архангельское ауылының "Калиласка" белорус этномәдени орталығы, Солтүстік-Қазақстан облыстық "Кентрон" армян мәдениет орталығының, отаншылдықты және бірлікті қалыптастыру бойынша №17 ҰӨОМК-тың ұлттық бөлімшелері.

Семинарда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері арасында өткізілген азаматтық барабарлықты және отаншылдықты анықтау бойынша мониторинг нәтижелері ұсынылды және "Азаматтық барабарлық: тұжырымдамалық негіздер мен практикалық тәжірибе" әдістемелік құралы таныстырылды (авторы – "Қазақстан халқы ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі Л. Гривенная).

Семинар барысында университеттің ПОҚ-ына, №17 ҰӨОМК ұлттық бөлімшелерінің мұғалімдеріне, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен мүшелеріне төмендегідей ұсыныстар әзірленді:

  1. Қазақстандық барабарлықты қалыптастыру бойынша жоспарлау және практикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстандық барабарлық пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасына сүйену.
  2. Қазақстандық барабарлықты дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу кезінде "Қазақстан халқы ассамблеясы" кафедрасы ғылыми-әдістемелік бірлестігінің мүшелерімен әзірленген әдістемелік әдебиеттерді, сонымен бірге – Л. Гривеннаяның "Азаматтық барабарлық: тұжырымдамалық негіздер мен практикалық тәжірибе" әдістемелік құралын пайдалану.
  3. Жастарды Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орны және Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени дамудағы жетістіктері, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қосқан үлесі, этносаралық бірлік пен келісімді сақтауда Қазақстан халқы ассамблеясының мәні туралы ақпараттандыру.
  4. Оқу немесе еңбек қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстанда тұратын шетел азаматтарын және шет елдерден оралған этникалық қазақтарды Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, СҚО әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ, "Қазақстан халқы ассамблеясы" кафедрасының қызметі арқылы қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру және оған араластыру.
  5. Ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми жобалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тренингтер, баспасөз-конференциялар, дәрістер және т. б. жұмыс түрлерін өткізу арқылы "Мәңгілік ел" құндылықтары негізінде азаматтық барабарлық пен бірлікті, жаңа қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру бойынша ҚХА-ның барлық буындарының өзара әрекеттестігінің оң тәжірибесін таратуды жалғастыру.
  6. Іс-шараларды өткізу кезінде көптілділікті қолдану аясын кеңейту.
  7. Бұқаралық ақпарат құралдарында табысқа қол жеткізген қазақстандықтар өмірінің тарихын көрсету.  
21.12.2016