ҚХА кафедрасында ғылыми жобаның презентациясы өтті

2016 жылдың 26 желтоқсанында "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасында ТЭҚФ "Тарих" мамандығының 4 курс студенті Рогачева М. әзірлеген "Шет елдерден оралған этникалық қазақтардың бейімделу және бірігу мәселелері" атты ғылыми жобасының перезентациясы өтті. Ғылыми жетекші – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚХА  кафедрасының меңгерушісі, доцент, т. ғ. к.  Л. Гривенная.

Тәуелсіз Қазақстан этносаясатының маңызды бағыттарының бірі – этникалық қазақтарды тарихи отанына оралту.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының мәліметтеріне сәйкес, әлемнің 43 елінде 5 млн. қазақ (қазақтар жалпы санының 30-35%-ы) тұрып жатыр. Қазақстандық сарапшылардың деректері бойынша 3 миллион 137 мың жақын шетелдерде, 2 млн. 529 мың 800 алыс шетелдерде тұрады.

Шетелдік отандастарымыздың басым бөлігі Қытай, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Түркия, АҚШ, Украина, Тәжікстан, Иран, Германияда тұрады.

Өткен ішкі және сыртқы саяси оқиғалар салдарынан қазіргі уақытта оның шегінен тыс, көбінесе, Азия, Батыс Еуропа және Америкада тұрады.

Әлемде қазақ диаспорасын дамытуға және таратуға көптеген тарихи оқиғалар едәуір дәрежеде ықпал етті. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: қазақ-жоңғар соғыстары, столыпиндық аграрлық реформасы, патша самодержавиесіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстары, Қазақстанда кеңес билігінің орнауы, азаматтық соғыс, 1930-шы жылдардағы аштықтың басталуы, күштеп ұжымдастыру, саяси қуғын-сүргін, әскери тұтқындардың Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өз отанын жоғалту.

Тәуелсіздік уақытында Қазақстанға 1 млн. қазақ оралды. Қазақ халқы ағымының бірнеше себептері бар: өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау ниеті, әскери қақтығыстар салдары, тарихи отанына оралу ниеті, тұрған жердегі өмір сүру деңгейінің төмендігі.

Этникалық қазақтар өзінің тарихи отанына оралып, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени бейімделу, сондай-ақ, азаматтық - құқықтық сипаттағы мәселелерге тап болады.

Дегенмен, мемлекетіміз үшін халықтың бұл санаты– үлкен құндылық.

Қазақ халқының шетелден тарихи отанына оралу, біріншіден, мемлекет тарапынан борыш болып табылады.

Екіншіден, халық санының өсуіне және демографиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Үшіншіден, елдің еңбек ресурстарының санын арттырады және елдің экономикасының дамуына ықпал етеді.

Төртіншіден, қазақтардың ұлттық мәдениетін сақтау және дамытуға, соның ішінде мемлекеттік тілді дамытуға оң әсер етеді.

Қазақ диаспорасын қарастыра отырып, оның өкілдері бүкіл қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады, ортақ атамекені бар: ол – Қазақстан, мұсылман дінін ұстанады, түркі тілдес халықтарға жатады деп айтуға болады.

Олардың Қазақстанға қоныс аударуы табиғи және орынды болып табылады. Мемлекет және жергілікті халық тарапынан халықтың осы тобына жетіспейтін "пазлдарды" толтыруға, бірыңғай қазақстандық отбасыға кіріп, Қазақстанның бір бөлігі болуына мүмкіндік беретін жан-жақты қолдау қажет.

26.12.2016