ҚР Ұлттық ұланы әскери институтында ҚХА кафедрасы ашылды

Қазақстан халқы ассамблеясы кафедралары бүкіл республика бойынша құрылған. Бүгінгі күні олардың саны 30-ға жуық.

2016 жылдың 26 желтоқсанында ҚР Ұлттық ұланы әскери институтында (Петропавл қ.) Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы ашылды.

Кафедраны ашу презентациясы рәсіміне ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының бастығы Ахметов Ж.Х., Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ҚХА кафедрасының меңгерушісі Башмаков А.А., М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың  ҚХА кафедрасының меңгерушісі Гривенная Л.А., Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері: Сайко В.М., Амиршоев А.Ж., Болтруков М.А. Геворкян, Г.В., Надиров Р.С., Литфуллин Ф.Х қатысты.

Әрбір жоғары оқу орнында жұмыс барысы өзіндік болады. Әскери институтта 11 мамандықта 900-ге жуық курсанттар оқиды. Олардың ішінде – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің өкілдері.

ҚР Ұлттық ұланы әскери институтында құрылған кафедра әскери-патриоттық тәрбие беру, мәдениетаралық диалог, ұлтаралық төзімділік бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған.

Гривенная Л. А., ҚР Ұлттық ұланы әскери институтындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ашылу салтанатында сөз сөйлеу барысында жұмыс жүйесін құру, құжаттама жүргізу, іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ғылыми-әдістемелік көмек қөрсетуді ұсынды.

Іс-шара бұқаралық және ойын-сауықтық сипатқа ие болды, бұл – мекеме үшін ҚХА кафедрасын ашу маңыздылығының куәсі.

27.12.2016