М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттері арасында мониторинг жүргізілді

Ғылыми-әдістемелік бірлестік және «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының студенттік ғылыми қоғамы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттері арасында азаматтық барабарлықты және Қазақстан халқының бірлігінің деңгейін анықтау бойынша мониторинг жүргізді. Зерттеу бағдарламасын әзірлеу және мониторинг деректерін талдауға ҚХА каф. меңгерушісі, т.ғ.к. Гривенная Л.А., ҚТжӘГП каф. доценті, ә.ғ.к. Ипполитова Т.В., ҚХА каф. маманы Қадырменова А.С., И(о)-13 тобының студенті Рогачева М., ПМНО-13 тобының студенті Таскулова М., РЭТ-15 тобының студенті Қайырбай А., Ж-15 тобының студенті Петров Б. қатысты.

Зерттеу мақсаты – студенттік ортадағы азаматтық барабарлық пен отаншылдықтың деңгейін анықтау. Зерттеу міндеттері: "отаншылдық" ұғымын анықтау және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің өздерін патриоттарға жатқызу, студенттердің заманауи кезеңдегі ҚР мемлекеттік саясаты мен стратегиясына деген қарым-қатынасын анықтау, студенттердің ҚХА-ның қызметі туралы пікірін анықтау.

Мониторинг жүргізу кезінде университетте 4 320 студент оқыды, оның ішінде бакалавриат күндізгі бөлім студенттерінің саны – 3 000 адам. Бүгінгі күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 32 ұлт өкілінің студенттері, сондай-ақ, 5 елдің (Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Қытай) 59 студенті оқиды.

Сауалнамаға барлық факультеттер мен Тіл және әдебиет институтының 1-4 курс студенттері қатысты. Іріктеу 300 адамнан құралды (күндізгі бөлім студенттері жалпы санының 10%-ы): ТЭҚФ – 54, ЖАШҒФ -54, ПФ – 60, ИТФ – 44, ТжӘИ - 48, АТФ – 40 студент.

Жалпы, университет бойынша сауалнамаға жауап берушілердің 89%-ы өздерін Қазақстан халқының біртұтас өкілі ретінде санайды.

Өзін патриотпын деп санайтын студенттер – 85%. Алайда, өзін патриотпын деп есептеп, сауалнамаға жауап берушілердің тек 71,3%-ында өз елі үшін мақтаныш сезімі туады, бұл сезім 19%-ында сирек туындайды. Факультеттер бойынша өзін патриотпын деп санайтын студенттер: ПФ – 93,3%, ТжӘИ – 87,5%, АТФ – 87,5%, ИТФ – 84%, ЖАШҒФ – 79,6%, ТЭҚФ – 77,8%.

Айта кету керек, отаншылдыққа деген мұндай қатынас және өз еліне деген сүйіспеншілікпен өз тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруға барлық сауалнамаға жауап берушілердің тек 75,3% -ы дайын, 7%-ы өзінің болашағын Қазақстанмен байланыстырмайды, ал 18 пайызы жауап беруге қиналды.

Университеттің барлық респонденттерінің 96% -ы Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның мақсаттары мен бағыттары туралы хабардар.

Сауалнамаға жауап берушілердің 78,3%-ы азаматтылық табыстың басты қағидаларының бірін 3 тілді (қазақ, орыс, ағылшын) білу деп санайды.

Қазақстанның елдердің әлемдік рейтингісіндегі орнына қатысты студенттер пікірлерінің айтарлықтай айырмашылықтары және нақты білімнің болмауы байқалады.

Сауалнаманың негізгі сұрақтары бойынша алты факультет респонденттерінің жауаптары арасында айырмашылық байқалады.

Зерттеу студенттердің заманауи кезеңдегі ҚР мемлекеттік саясаты мен стратегиясына деген шын қатынасын көрсетті.

Жалпы, жас ұрпақ өзін патриотпын және Қазақстан Республикасы ортақ елінің азаматтары деп санайды. Студенттер ҚР үкіметі мен Президентінің этносаясаты және ҚХА қызметі туралы берік білімдерін көрсетті.

Одан арғы міндет – университет студенттері арасында оқу-тәрбие үдерісінде және ғылыми-зерттеу қызметінде азаматтық барабарлық пен бірлікті нығайту бойынша  жұмысты жалғастыру.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің арасында азаматтық барабарлық және отаншылдықтың деңгейін анықтау бойынша мониторинг қорытындылары

28.12.2016