Университетте ЖОО-ның корпустары мен жатақханаларын ең үздік безендіруге байқау өтті

Жаңа жыл қарсаңында университетте ЖОО-ның корпустары мен жатақханаларын ең үздік безендіруе байқау жарияланды. Жаңа жылдық атмосфера ЖОО қызметкерлері мен студенттерінің қолдарымен жаратылды. Барлығы байқауға шығармашылықпен және үлкен құлшыныспен қатысты. Жұмыстарды құрамына ТЖ жөніндегі проректор Мұқарам Тайжанова, ғылыми-әдістемелік бөлімнің жетекшісі Айгүл Черниязова және студенттік ректор Айнар Сабитова кірген конкурстық комиссия бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз орны Тарих, экономика және құқық факультетінің №6 оқу корпусы мен  №2 студенттік жатақханаға берілді. Үздік безендіру үшін оларға 10000 теңгені құрайтын жүлде табысталды.

29.12.2016