Университетте М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайларда қазақстандық білім беруді дамытудағы инновациялық тәсілдемелер» конференциясы өтті

«Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайларда қазақстандық білім беруді дамытудағы инновациялық тәсілдемелер». Осындай атаумен ЖОО-да ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына университет басшылығы, облыстық ардагерлер кеңесі мен білім беру органдарының өкілдері, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, қала мектептерінің педагогтары мен университет студенттері, сондай-ақ, ғылыми қауымдастықтың мүшелері қатысты. Кездесуді университет ректоры Серік Өмірбаев ашты:

Бүгін ақпараттық технологиялар қазіргі заманғы білім берудің және білім беру қоғамының бөлігіне айналуда. Бұл проблемалар білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы ретінде айқындалған.

Педагогикалық білім беруді дамытудың қазіргі заманғы технологиялары мен инновациялық беталыстарын қолдану оқу үдерісіне көмектеседі. Бұл жерде өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үлкен рөл атқарады. Сондықтан, ұйымдастырушылар атап өткендей, шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасу білім беру саласының қазіргі заманғы талаптарына сай болу үшін маңызды.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын қамтитын баяндамалар оқылды. Залда ертең мұғалім атанатын педагогикалық  факультетте білім алатын студенттер көп болды. Конференция барысында олармен ортаға салынған баяндамалар өз болашақ педагогикалық еңбегі үшін жақсы тәжірибе болды. Өйткені, білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі.

03.02.2017