Ғылым экономика үшін

Оқу ордамызда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80-жылдығына арналған «Жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы ғылым және білім берудің өзекті мәселелері» V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Форум жұмысына Башқұртстан, Ресейдің көршілес өңірлері, Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары, жұртшылық өкілдері, оқытушылар, магистранттар және студенттер қатысты.

СҚМУ ректорының м. а. Серік Өмірбаев кездесуді аша отырып, Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына кезекті жолдауында ғылыми қауымдастықтың алдына қойған міндеттер шеңберін белгіледі. Осы міндеттерді шешу үшін елдің зияткерлік әлеуетін дамыту, ғылым мен технологияның тиімді өзара әрекеттестігінің механизмдерін әзірлеу, ғылымды экономиканы инновациялық дамытуға және жаңғыртуға тарту керек.

– М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да осы бағытта көп жұмыстар атқарылыуда. ЖОО-да ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу бағыттары мамандықтарының тізбесі кеңейтілді. 2 жылдан кейін аграрлық факультетті жеке бірлік ретінде бөлу жоспарлануда. «Ауыл шаруашылығы» кафедрасымен жаңа агротехникалық технологиялар әзірленіп енгізілді, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жаңа сорттары бейімдетілді, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау тәсілдері жетілдірілді. Солтүстікқазақстандық ғалымдардың «Әр түрлі мақсаттағы суды тазарту импульсті-шоқ технологияларын коммерцияландыру» жобасы өз практикалық қолданысын тапты, - деді Серік Өмірбаев.

СҚМУ ғалымдары топырақ құнарлылығын сақтау мен өнімділікті арттыру үшін Солтүстік Қазақстан көлдерінің түптік шөгінділерін қолдануды ұсынады. Көшет материалдарын университетте кавитациалық қондырғыдан алынатын белсендірілген сумен өңдеу кезінде өнімділікті арттыруға болады. Биологтарымыздың Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау қауымдастығының халықаралық және республикалық бағдарламаларға белсене қатысуы СҚО аумағындағы құстар таралымының жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді. СҚМУ-дың студенттері мен оқытушылары Қазақстанның басқа аймақтарында Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығының экспедицияларына жұмысқа шақырылады.

Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, б.ғ.к., профессор Аюп Ысқақов, СҚМУ «Ауыл шаруашылығы» кафедрасының доценті, а-ш. ғ. к. Күлбарам Баязитова, СҚМУ жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы, х. ғ. д. Ирина Голодова өз сөздерінде ауыл шаруашылығын, аграрлық және жаратылыстану ғылымдарын дамытудың өзекті мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу туралы әңгіме қозғалды. Ресейлік ғалымдардың баяндамалары да мазмұнды және танымдық болды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Моңғолия жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының 100 авторларынан 70-тен астам баяндамалар келіп түсті.

20.02.2017