М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да халықаралық пәндік олимпиада өтті

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да алғаш рет Қазақстан мен Ресейдің жетекші жоғарғы оқу орындары арасында университеттің 80 жылдығына арналған халықаралық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға ауыл шаруашылығы мамандықтарында оқитын студенттер қатысты.

Өз білімдерін тексеруге Ресей Федерациясының 3 жоғары оқу орны мен Қазақстан Республикасының 5 жоғары оқу орнының өкілдері келді:

  1. Солтүстік Зауралье мемлекеттік аграрлық университеті (Түмен қ., РФ)
  2. Т.С. Мальцев атындағы Қорған мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы (Қорған, қ., РФ)
  3. Орал мемлекеттік орман техникалық университеті (Екатеринбург қ., РФ)
  4. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет (Семей қ., ҚР)
  5. Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы қ., ҚР)
  6. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ., ҚР)
  7. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қ., ҚР)
  8. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар қ., ҚР)

Біздің университет те олимпиададан шет қалған жоқ.

Олимпиадаға ауыл шаруашылығы бейініндегі үш мамандық (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, орман ресурстары және орман шаруашылығы) бойынша барлығы 60 студент қатысты. Ашылу салтанатында құттықтау сөзбен ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Лаура Қайыржанова сөйледі. Ол бүгін республикамыз бен Ресейдің ЖОО-ларын біріктіретін жаңа дәстүр қаланғанын атап өтті.

Студенттер сайысы екі айналым бойынша өтті. Бірінші айналымда студенттердің ұнайтын пәндері бойынша теориялық білімдері тексерілді. Ал екінші айналымда практикалық білімдері сыналды. Мұндай іс-шаралар білім шыңдарын бағындыруға, керемет нәтижелерге қол жеткізуге, өмірде де, болашақ мамандықта да бәсекеге қабілетті және қалаулы болуға дайын талантты да табанды студенттерді біріктіреді. Облысымыздың ірі агрокомпаниялары университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласады және осындай конкурстарды өткізуге ат салысады.

Олимпиаданың жабылу салтанатты шарасын аша отырып, университетіміздің ректоры Серік Өмірбаев ауыл шаруашылығы кафедрасының дамуына, осы бағытта бұдан да көп мамандықтар ашу жоспарына ерекше көңіл бөлді.

Қатысушыларды жеке және командалық есепте марапаттады, бағалы сыйлықтар табысталды, ал студенттердің ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, біздің ЖОО үшін маңызды шараның жабылу салтанатының аясында университеттің шығармашылық ұжымдары жарқын концерттік бағдарлама дайындады.

03.03.2017