"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.

Олжас Сүлейменов

Алматыда өткен 28-ші Қысқы Универсиада мен Жапонияда өткен Қысқы Азия ойындарының қатысушыларымен кездесу

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Алматыда өткен 28-ші Қысқы Универсиада мен Жапонияда өткен Қысқы Азия ойындарының қатысушыларымен кездесу өтті.

Биыл Дүниежүзілік Қысқы Универсиада жарыстарына 55 аса елден 2000-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс спорттың 12 түрі бойынша өтті. Облысымыздың намысын Роман Креч, Федор Андреев, Татьяна Климчук, Иван Аржаников, Мария Громова, Ринат Мухин, Дмитрий Гарагуль, Светлана Мальцева сияқты спортшылар қорғады.

Университет ректоры Серік Өмірбаев спортшыларды шын жүректен құттықтап, жоғары спорттық жетістіктері үшін дипломдарды мақтанышпен табыс етті. Кездесу жылы атмосферада өтті, спортшылар тағы бір рет сол толқынысқа толы сәттерді еске алып, өз әсерлерімен және болашақ жоспарларымен бөлісті.

09.03.2017