ҚХА кафедрасы шетелден келген этникалық қазақтармен дөңгелек үстел-кездесу өткізді

2017 жылдың 14 наурызында «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасымен «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» республикалық жоба аясында шетелден келген этникалық қазақтармен дөңгелек үстел-кездесу өткізілді. Университетте шетелдік (Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан) азаматтығы бар этникалық қазақтар қатарындағы «Foundation» факультетінің 53 тыңдаушысы және 24 студент оқиды.

Шақырылған қонақтар шетелдік азаматтығы бар «Foundation» факультетінің студенттері мен тыңдаушылары алдында сөз сөйледі.

Гривенная Л. А. – ҚХА каф. меңгерушісі тәуелсіз Қазақстан этносаясатының маңызды бағыты – этникалық қазақтардың тарихи отанына оралту туралы айтты. Біріншіден, бұл – мемлекеттің борышы. Екіншіден, этникалық қазақтардың қайта оралуы халық санының өсуіне және демографиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді. Үшіншіден, ел еңбек ресурстарының санын арттырады және елдің ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы және логистика сияқты экономика салаларының дамуына ықпал етеді. Төртіншіден, қазақтардың ұлттық мәдениетін сақтауға және дамытуға, оның ішінде мемлекеттік тілді дамытуға оң әсер етеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 1 млн. қазақ оралған болатын.

ҚХА кафедрасының меңгерушісі этникалық қазақтар ағыны себептеріне (өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау тілегі, әскери қақтығыстар салдары, тарихи отанына оралу тілегі, тұрған жердегі өмір сүру деңгейінің төмен болуы) назар аударды.

Салмұрзин С. Д. – «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚҰ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі қазақ диаспорасы мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚҰ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметі туралы айтты. Ол қазақ диаспорасының дамуы мен әлем бойынша таралуына көптеген тарихи оқиғалар едәуір дәрежеде ықпал еткенін атап өтті. Олардың қатарына қазақ-жоңғар соғысын, столыпин аграрлық реформасын, патша самодержавиесіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысты, Қазақстанда кеңес билігінің орнауын, азаматтық соғысты, 1930 жылдардың басындағы аштықты, күштеп ұжымдастыруды, саяси қуғын-сүргінді, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде отанымыздың әскери тұтқындар үшін жоғалуын жатқызуға болады.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мәліметтеріне сәйкес, 5 млн. астам қазақ (қазақтардың жалпы санының 30-35%-ы) дүниежүзінің 43 елінде тұрып жатыр. Қазақстандық сарапшылардың деректері бойынша қазақтардың 3 миллионнан астамы жақын шет елдерде, 2 миллионнан астамы алыс шет елдерде тұрады. Шетелдік отандастарымыздың басым бөлігі Қытайда (2 млн. 260 мың), Өзбекстанда (1 млн. 750 мың), Ресейде (1 млн. 100 мың), Моңғолияда (150 мың), Түркіменстанда (150 мың), Қырғызстанда (95 мың), Ауғанстанда (30 мың), Түркияда (15 мың), АҚШ-та (14 мың), Украинада (10 мың), Тәжікстанда (10 мың), Иранда (10 мың), Германияда (9 мың) тұрады. Көбіне – Азия елдерінде, Батыс Еуропада және Америкада.

Кездесуге келген қонақтар – Амантайұлы Ербахыт – «Солтүстік Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, Көкбас Жазира – филология магистрі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Журналистика» кафедрасының аға оқытушысы – Моңғолия келімсектері.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың паспортшысы Ақжолова Б. А. студенттер мен тыңдаушылардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында студенттер мен тыңдаушылар өз және қазақстандық авторлардың шығармаларын орындады (Мәметжан Мұрат – ҚЖ-15 тобының студенті – «Әке арманы» авторлық өлеңі, Салихан Сұңқар – «Foundation» факультетінің ДК-16-2 тобының тыңдаушысы – «Жүрегім тебіренген сәт» авторлық шығарманың үзіндісі, Хинаухан Жарханат – «Foundation» факультетінің ДК-16-3 тобының тыңдаушысы – «Туған жерге арнау» авторлық өлеңі, Серік Мақсат – ҚТӘ-16 тобының студенті – Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы»  шығармасы).

14.03.2017