«Springer Nature» халықаралық баспасының өкілдерімен кездесу

Университетімізде «Springer Nature» халықаралық баспасының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге ЖОО-ның оқытушылары мен жас ғалымдары қатысты.

Springer Nature – білім салаларының бірқатар тізімі бойынша журналдар, энциклопедиялар, кітаптар және электрондық өнімдер шығаратын, сондай-ақ, ғылыми-технологиялық және инновациялық нарықты ақпараттық қолдауда үлкен тәжірибесі бар халықаралық баспа (ресурстарында жыл сайын 9000-нан астам кітап және 3000-нан астам журнал жарияланады).

Кездесу барысында Ирина Александрова, «Springer nature» халықаралық баспасының өкілі, шетелдік рейтингтік журналға ғылыми мақалаларды дұрыс жазу және ресімдеу бойынша семинар өткізді. Бұдан бөлек, баспа ғалымдарымызға ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Ғылыми еңбектер мен зерттеулерді «Springer nature» журналында шығару – Қазақстан ғылымын табысты дамыту мен оны халықаралық деңгейге көтеруге тағы бір қадам.

16.03.2017