ҚХА кафедрасы «Солтүстік Қазақстан облысының полиэтникалық бейнесін қалыптастыру: тарихы және қазіргі заманы» тақырыбы бойынша дәрістер оқыды

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Л. Гривенная, маманы А. Қадырменова, практиканты А. Мехтиева (ПД-13 тобының студенті) «Этноконфессиялық келісімнің қазақстандық үлгісі» лекторийін өткізу шеңберінде 2017 жылғы 15-16 наурызда қазақ (Ф(о)-15к, ДФ-16к т. студенттері үшін), орыс (А-14-2, А-14-1, ТПП-15, Б(е)-16, ТППЖ-14, Х(о)-15, Т-16, ТППЖ-16, А-16, МС-16, ТР-16, ЛРЛ-16, Г(е)-16 т. студенттері үшін) және ағылшын тілдерінде (ИЯ-14 т. студенттері үшін) «Солтүстік Қазақстан облысының полиэтникалық бейнесін қалыптастыру: тарихы және қазіргі заманы» тақырыбы бойынша дәрістер оқыды.

Дәрістерде Қазақстанның полиэтникалық бейнесін қалыптастыру тарихы, Қазақстан Республикасы және Солтүстік Қазақстан облысы халқының қазіргі демографиялық жағдайы, ҚР этносаясаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мәселелері талқыға түсті.  

Кездесулер пресс-конференция түрінде өтті. Студенттер қызықтыратын сұрақтарын жазбаша түрде қойды. Ең жиі қойған сұрақтар этносаралық қарым-қатынастар жағдайы мен әлеуетті жанжалдардың себептері, үштілді білім беруді енгізу, этникалық өзін-өзі анықтау, Қазақстан ұлттық саясатының басқа елдердің саясатынан ерекшелігі, этномәдени бірлестіктердің жұмысы, әр түрлі этникалық топтар өкілдерінің ана тілдерін меңгеру мүмкіндігі туралы болды.

16.03.2017