СҚМУ-да заң клиникасы жұмыс істейді

Заң клиникасы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 6 оқу корпусының  (Жұмабаев к., 114) № 224 кабинетінде орналасады.

Клиника халықтың әлеуметтік осал (қорғалатын) топтарына (зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, кәмелетке толмағандар, 29 жасқа дейінгі жастар, кедейлер), сондай-ақ, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың  оқытушыларына, қызметкерлеріне және студенттеріне азаматтық (оның ішінде мұрагерлік), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, коммуналдық және өзге де мәселелер бойынша заңдық қызметтер көрсетеді.

АПТА САЙЫНҒЫ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ:

  • ДҮЙСЕНБІ: сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін, сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін
  • СӘРСЕНБІ: сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
  • ЖҰМА:  сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін

Сондай-ақ, сұрақтарды klinikaskgu@mail.ru электронды мекен-жайына жіберуге болады.

Қабылдауды М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері жүргізеді.

Кеңес өтеусіз негізде көрсетіледі.

17.03.2017