«Пилигрим» халықтық студенттер театрының әртістері Илья Пугачқа арналған концерттік бағдарлама қойды

«Пилигрим» халықтық студенттер театрының әртістері Қазақстан бойынша остеопороз дертіне шалдыққан жалғыз сәби Илья Пугачқа арналған концерттік бағдарлама қойды. Мұндай рецессивті ауру баланың ішкі ағзасына зақым келтіруі мүмкін. Сүйектердің түзелмеуінен адам тіпті көру және есту қабілеттерінен де айырылады екен.

Студенттер бүлдіршінге ән шырқап, сахнада ертегі қойды. Ал үзіліс кезінде жастар арнайы пісіріп әкелген тағамдарын жиналғандарға сатты. Қайырымдылық іс-шараны ұйымдастыруға жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің Оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі деканының орынбасары Инна Джемалетдинова, сондай-ақ, «НұрОтан» партиясының Болашақ филиалы көмектескен. Илья Пугачтың анасы Ольга Пугач концерт соңында алғысын білдіріп, баласының жазылатынына сенім білдірді.

18.03.2017