Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ Наурыз мейрамын қарсы алды

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Наурыз мейрамын ерекше қуанышпен қарсы алды. Күннің ызғырына қарамастан, жиналғандардың саны аз емес. Мерекеге орай университет алаңында концерттік бағдарлама өтіп, мәдени шаралар ұйымдастырылды. «Армысың, әз Наурыз» салтанатты кешінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы сөз сөйледі. Ол барша қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт, береке тіледі.

Оқу орданың ұжымын және студенттерін университет ректоры профессор Серік Өмірбаев та құттықтаған. Ол әлеуемттік-экономикалық жаһандану процесінде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өнеркәсіптік және ииновациялық экономика үшін жоғары білікті мамандардың ошағы екенін атап өткен.

Әдеттегідей, көктем мейрамының сәні – ән мен би. Сахнада университеттің үздік әншілері, бишілері, шығармашылық ұжымының қатысуымен тамаша көрініс өтті. Ал қайсарлы жігіттер күш сынасып, арқан тартыс, бес асық сияқты ойын-сауықтарда белсенділігін танытты. Мерекені тамашалауға келген халық арнайы тігілген киіз үйлердің ішінде наурыз көже, бауырсақ, палау және өзге де қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

18.03.2017