"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған оқытушылар, профессорлар және құрметті азаматтар қатысты. Жиналыс аясында Білім және ғылым департаментінің Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы университет ректорының м.а. Серік Өмірбаевті өз қызметіне ресми түрде кірісумен құттықтады. Оның айтуынша, оқу ордамыз үлкен міндеттер мен талаптарды орындайды. Сондай-ақ, ол университет Қазақстан бойынша жетекші оқу орындарының біріне айналатынына сенім білдірді:

– Серік Өмірбаев Жоғарғы оқу орны бойынша басқарма жүйесінде көп жылдар бойы қызмет атқарған. Ол білім және ғылым саласына көп еңбегін сіңірген адам. Серік Мәуленұлының арқасында мен сіздердің жаңа белестер мен жетістіктерге жететініне сенімдімін.

Серік Өмірбаев университет басшылығына үш жылға сайланды. Университет ардагерлері ұжым атынан ректорға арнайы құттықтау сөз сөйледі.

18.03.2017