Жағрапия пәні бойынша IX республикалық олимпиада өтті

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 80 жылдығына орай жағрапия пәні бойынша IX республикалық олимпиада өтті.

Оған 13-ке тарта жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Білім додасы екі-ақ кезеңнен тұрады. Біріншісінде студенттер теориялық сынақтан өтсе, екінші кезеңде тәжірибелік түрде сынасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл олимпиада болашақ мамандардың білім дәрежесін арттыруға көмек бермек.

СҚМУ жағрапия пәні бойынша екі жыл қатарынан жеңімпаз атанып жүр. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған жастарға мадақтама қағаз бен сертификат беріледі.

05.04.2017