Солтүстік Қазақстан облыстық сотымен келісімшарт орнатылды

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында құқықтық сауат ашу айлығы өтуде. Осыған орай білім ордамыз облыстық сот өкілдерін шақырып, арнайы конференция ұйымдастырды. Университет ректоры Серік Өмірбаевтың айтуынша, бұл шараның маңызы зор. Мәселен, таяуда республика судьялараның VII съезінде азаматтарды құқықтық ағарту мәселесі бойынша соттардың жұмысын күшейту міндеті алға қойылған болатын. Бұл мақсатпен университетіміз заңдық сауатын арттыру жұмыстарын белсенді атқара бастады.

Шара барысында Солтүстік Қазақстан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов пен университет ректоры Серік Өмірбаев өзара әріптестік жайлы меморандумға қол қойды. Аталмыш құжат екі жақ арасында байланыс нығайтуға, студенттер мен магистранттартың сот мекемелерінде тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, алдағы уақытта сотпен бірлесе отырып, ғылыми-тәжірибелік конференция мен дөңгелек үстел сияқты шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сот төрағасы Ерлан Айтжанов тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері үшін арнайы дәріс оқыды. Ол Елбасының 100 нақты қадамына тоқталып, сот жүйесінің даму бағыттарын нақтылай атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі күннен бастап заң қызметіне бірқатар өзгерістер енгізу қажет. Қазіргі жастар соттың қоғам арасында өз сенімін жоғалтпай, беделді болу керектігін ескертуі тиіс.

Айта кетсек, бүгінде университет қабырғасында құқық саласы бойынша бес жүзге жуық азамат білім алып жатыр. Университет орнатқан келісім оларға өз білімін жетілдіріп, барлық талапқа сай болуға септігін тигізбек.

17.04.2017