СҚМУ-да кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті

Оқу ордамызда кезекті бағдар беру жұмыстары өтуде. Бұл жолы шараға Ғабит Мүсірепов ауданының болашақ мектеп түлектері қатысты. Оқушылар университет обсерваториясынан бастап мұражайына дейін аралап, профессорлық-оқытушы құрамымен танысты.

Мектеп оқушылары қандай мамандықтарын таңдайтынын қазірден бастап анық біледі. Оларға тек ең білікті, әлемдік деңгейге сәйкес жоғары оқу орнын таңдау қажет. Білім ордамызда оқып жүрген бүгінгі жастар Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсуге кеңес береді. Олардың айтуларынша, студенттерге сапалы білім беру ғана емес, дені сау жан-жақты азаматтарды даярлағаны маңызды. Ол үшін университетімізде барлық жағдай жасалған: физика факультетінде оқитын болашақ астрономдар үшін арнайы обсерватория бар. Астрофизикалық орталығы сапалы құрылғылар арқылы кең көлемді зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, спортты дамыту мақсатымен университетте бірнеше жаттығу залдары мен жүзу бассейні де бар.

Кәсіби бағдар беру жұмыстары жас ұрпақтың өзіне ұнаған мамандықты саналы таңдап алуға бағытталған маңызды шара болып есептелінеді. Сол себепті университетіміз бұл мақсатты ескере отырып, мектеп оқушыларына осындай талап қойып отыр.

18.04.2017