2017 жылғы 3 мамырда «Этноконфессиялық келісімнің қазақстандық үлгісі» лекторийі аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Л. Гривенная және маманы А. Қадырменова мемлекеттік («Foundation» факультетінің ДК-16-1, ДК-16-2 т. тыңдаушылары үшін) және орыс тілдерінде (ПД-14 т. студенттері үшін) «Ұлттық мәселе және оны шешу баламалары: әлем және Қазақстан» дәрістерін өткізді.
Дәрістерді өткізу барысында әлемнің көптеген елдерінде және Қазақстанда ұлттық мәселелері талқыланды. Студенттер этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің бірегейлігімен танысты. Дәрістерде азаматтық бірегейлік пен бірлікті тұжырымдамалық нығайту ережелері, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және оларды практикалық шешу жолдары баяндалған Н. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы мен «Туған жер» бағдарламасына назар аударылды.
Тыңдаушылар үшін маңызды қорытынды өз кіші отаны деп аталатын адам тұратын жері үшін нақты практикалық істерді жүргізу қажеттілігін ұғыну болды.
Студенттер 2017 жылғы сәуір айында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасымен өткізілген азаматтық бірегейлікті анықтау бойынша мониторинг нәтижелерімен танысты.