Биыл Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін күндізгі оқу нысаны бойынша 590 студент тәмамдап отыр. Олардың екі жүзден астамы «Білім беру» бағытында, 84 студент – техникалық ғылымдар мен технология саласында, сондай-ақ қалғандары басқа мамандықтар бойынша университетті бітіргелі жатыр. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатымен оқу ордасында арнайы бос орындар жәрмеңкесі өткізілуде. Бұл шара оларға жұмыс орнын алдын ала таңдауға мүмкіншілік бермек.
Соңғы есеп көрсеткіштеріне жүгінсек, биыл түлектердің 51%-ы жұмыспен қамтылған. Шараға қатысқан студенттер оқу бітіргеннен соң, тез арада қызметке кіруді үміттеніп отыр.
Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысында шоғырланған 80-нен астам ұйымдар мен кәсіпорындар қатысуда. Болашақ түлектер компания өкілдерімен кездесіп, жұмыс орындары жайлы ақпаратпен танысты.