СҚМУ Халықаралық мұражай күнін атап өтті

40 жыл бұрын дүниежүзілік мәдени қауымдастығының Халықаралық мұражай кеңесінің бас конференциясында 18 мамыр күні Халықаралық мұражай күні болып бекітілді. Алғаш рет бұл мереке 1977 жылы Мәскеу қаласында атап өтілді. Содан бері бүкіл әлем бойынша тарихи мекемелердің қызметкерлері өз кәсіби мейрамын тойлайды. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мұражайының жетекшісі Ботагөз Сапарқызы бұл күнді ашық есік күні деп жариялады. Студенттер мен мектеп оқушылары мұражай кешенін аралап, тарихқа шолу  жасады.

Университет тарихы, көрнекті тұлғалар және басқа да алуан түрлі тақырыптар келгендерді аса қызықтырды. Студенттер мен оқушылар атақты ғалым Манаш Қозыбаевтың өмірімен танысып, университет жайлы маңызды ақпарат алған. Халықаралық мұражай мерекесін білім ордамыз осылайша қарсы алды.

19.05.2017