ІХ-шы жазғы Универсиада ойындары аяқталды

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттер арасында Президенттік көп сайыстан және жүзуден ІХ-шы жазғы Универсиада ойындары аяқталды.

Жарысқа Қазақстанның жеті қаласынан келген 136 студент қатысқан. Әрбір университет құрамасы байрағын тік ұстап, спорттың бес түрінен бақ сынасты. Спорттық жүзу жарыстары брасс, кеудемен және еркін стильде 50 метр қашықтық аралығында өткізілді. Ал жүгіруден ер балалар екі шақырым қашықтыққа жарысса, қыздар мың метрге дейін күштерін сынаған. Сондай -ақ спорттың басқа түрлері де, оның ішінде оқ ату және снаряд лақытыру қарастырылды.

Универсиада бірнеше күнге жалғасты. Айта кету керек, биылғы ойындар "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр. Жарыс қорытындысы бойынша университет қоржыны бірнеше жүлделерге толды. Атап айтқанда жүзу сайысынан  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұлдар құрамасы  алға шықса,   қыздар жағы Қазақ Ұлттық университетінен жеңіліс тауып, 2-орынға ие болды. Ал Президенттік көпсайыстан 1-орынды біздің нәзік жандарымыз қанжығаларына байлады, жігіттер тобы болса 2-орынға тұрақтап, бас жүлде Қостанай педагогикалық институтына берілді.

19.05.2017