Түлектер Қауымдастығы Кеңесінің отырысы өтті

Отырыста білім ордамыздың ректорат өкілдері, факультет декандар, сондай-ақ университеттің түлектер қауымдастығы кеңесінің мүшелері қатысты. Олардың ішінде облыс және республикаға танымал: Александр Винокуров, «Astana Pro Team» қазақстандық кәсіби тас жол велокомандасының бас менеджері, Райхан Абдрахманова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы филиалының директоры, Евгений Кучковский «Astana-Plat» ЖШС директоры және т.б түлектер бар.

Ассоциацияның негізгі мақсаттарының бірі  - еңбек нарығында сұранысқа ие болатын СҚМУ-дың кадрларын даярлау мен қайта даярлау мүмкіндіктерін арттыру үшін ЖОО  түлектерінің ақыл-парасатын тиімді пайдалану.

Шараны тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі университетіміздің проректоры Айжан Кудерина жүргізді. Кездесу барысында ассоциация мүшелеріне куәліктер тапсырылды.

Қазақстанның қарт жоғарғы оқу орындарының бірі өзінің 80-жылдық мерейтойында жеткен жетістіктері жайлы Стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі университеттің проректоры А.Мұқатаев Ассоциация Кеңесінің алдында айтып өтті.

Жыл сайын біздің университетті таңдағандардың саны өсіп келеді. Жаңа оқу жылында білім алушылардың саны 5700 студентті құрап отыр. Қазақстанның тәуелсіз агенттіктерінің нұсқасы бойынша соңғы 2 жылда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ республикамыздың 20 үздік ЖОО құрамына кірді. Ал университеттің оқытушылық-профессорлық құрамы үздік ондыққа кіруді алға қойған.

Кездесуде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың түлектер қуымдастығының 2017-2018 оқу жылына  жұмыс жоспары бекітілді.

31.08.2017