Ғылым департаментінің жаңа директоры

Андриана Сурлева

Өткен жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарына шетелдік топ-менеджерлерді тарту бойынша «пилоттық жобаны» іске қосты.

Осы жобаның аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор, философия ғылымдарының докторы, Түркия елінің азаматы Орхан Сойлемез интернационалдандыру бойынша проректор лауазымында еңбек етуді бастады.

Жаңа оқу жылынан бастап университетімізге тағы бір шетелдік маман жұмыс істеуге келді. Болгария елінің азаматшасы Андриана Сурлева ғылым департаментінің директоры лауазымында төрт ай бойы қызмет етпек. Маман Софийлік химия-технологиялық және металлургиялық университетінде білім алған, сонымен қатар, 20 жылдық еңбек өтілі бар. 1997 жылы магистрлік жұмысын қорғаса, 2010 жылы аталған білім ошағында кандидаттық диссертацияны жоғарғы деңгейде жазған. Қазақстанға келмес бұрын Софийлік химия-технологиялық және металлургиялық университетінде аналитикалық химия кафедрасына басшылық еткен. Андриана Сурлева аналитикалық химия докторы болып табылады. Ендігі кезекте ол біздің университетімізде ғылыми бағытты дамытуды жоспарлап отыр.

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бірқатар маңызды бағыттар бойынша үлкен көлемдегі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын халықаралық конференциялар ұйымдастырылады және ғалымдарымыздың жобалары шәкіртақылық қаржыландыруға ұсынылады. Шетелдік мамандарды университетімізге тарту жұмысы оқу ордамыздың білім беру деңгейін көтеруге тағы бір негіз болмақ.

06.09.2017