СҚМУ-да «Менің отбасым» атты көрме ашылды

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіннің қабырғасында «Менің отбасым» атты фотокөрме өтті.  Оған білім ордамыздың Жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

ҚР Президенті Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісі күні атап өтіледі. Отбасы - қоғамның алтын діңгегі. Осыған орай М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да фотокөрме ұйымдастырылды. Оған қалаған студенттер мен оқытушылар өз отбасылары мен  жақындарының суреттерін ұсынды.
Жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Инна Джемалединова бұл көрме біздің студенттер тәрбиеленіп жатқан отбасыларға арналғанын атап өтті.  Сонымен қатар студенттердің көпшілігі өзінің отбасыларын тастап алыс жерден біздің университетке оқуға келді. Сондықтан да ұйымдастырушылар осы көрмемен әр студентке өздерінің отбасыларына деген  махаббатын, сағынышын білдіруге мүмкіншілік беріп отыр.

Көрмеге қатысушы, «Мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының 2-курс студенті - Нұрсәле Әбіл: «Отбасымнан  алыста жүрсемде, өзімнің жақындарыма деген сағыныш сезімі  әрдайым бойымнан табылады»-дейді ол өз сөзінде.

«Мемлекет –отбасынан басталады»-деп Елбасымыз айтқандай әр студент тұлға болып қалыптасуын отбасынан бастайды. Сондықтан да көрменің басты мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.

12.09.2017