Сөздәйектер галереясы
Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.
Платон
Бірінші курс студенттерінің рекордтық саны
2017 жылы химия және химиялық технологиялар кафедрасы бірінші курс студенттерінің рекордтық санымен толықтырылды. Күндізгі бөлім бойынша жалпы қабылдау 96 адамды құрады. "Химия" мамандығы бойынша 8 адам орыс бөліміне және 11 адам қазақ бөліміне оқуға түсті. "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" мамандығы бойынша 7 адам орыс бөліміне және 58 адам қазақ бөліміне түсті. Магистратураның "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша 8 адам Ғылыми-педагогикалық бағытқа (2 жыл) және 4 адам бейінді бағытқа (1 жыл) оқуға түсті.
Кафедра хжхт
26.09.2017
