Ұстазым, ұлағатым

29 қыркүйек 2017 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Мұғалімдер күні мен Қарттар күні қарсаңында  «Ұстазым, ұлағатым!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны ректор міндетін атқарушы Айдос Мұқатаев құттықтау сөзімен ашты.

Мерекелік шара барысында М.Қозыбев атындағы СҚМУ-дың 80-жылдық мерейтойы аясында, ұстаздардың кәсіби мерекесі және қарттар күніне орай үздік қызметкерлер мен университеттің еңбек ардагерлері медальдармен және ректордың мақтау қағаздарымен марапатталды.  Олардың арасында:  «Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Елена Котова,  Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің ұстазы Джемалединова Инна, Тәрбие жұмысы бойынша департамент  жетекшісі Дюсембаева Бибігүл және т.б.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 12 ғылым докторлары, 25 профессор, 134 ғылым кандидаттары мен доценттер, 9 спорт шеберлері және еңбек сіңірген өнер қайраткерлері еңбек етеді.

ЖОО ардагерлер кеңесі 1988 жылы құрылған.  Оның құрамында  бүгінде төрт жүзге жуық адам бар.  Олардың қатарында: филология ғылымдарының докторы, профессор Табакова Зинаида Петровна, филология ғылымдарының кандидаты, Тетюхин Евгений Петрович, философия ғылымдарының докторы, профессор, корреспондент-мүшесі, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының Александр Владимирович Никифоров, география ғылымдарының кандидаты, география PhD докторы Тайжанова Мүкәрам Мұрзатқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Алтай Қожахметұлы Қожахмет және басқа да көптеген ұлағатты  ұстаздар бар. «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, сипайтын адам.

Мерекелік шара ары қарай концерттік нөмірлермен жалғасты.

03.10.2017