Петропавлда нұротандықтар студенттермен жастар арасында толеранттылық (төзімділік, шыдамдылық) мәселелерін талқылады

Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалының партиялықтары студенттермен «Жастар ортасында этносаралық және конфессияаралық толеранттылық» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Нұротандықтар жас адамдарға толеранттылық пен төзімділік қағидаттары туралы, конфессияаралық келісім туралы және түрлі этностардың бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ету туралы айтты.

- Толеранттылық немесе дінге еріктілік қағидаты – Қазақстан халқының ең басты жетістігі. Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында ұлтаралық келісімінің мінсіз стратегиясы дамыды. Біздің еліміз – Шығыс пен Батыстың түрлі дін, мәдениет және өркениет кездесулер мен диалогтың орын, қиылысы. Ал бұл – азаматтық татулықты сақтау жолы, - деп баса айтты «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зель.

Қатысушылардың ерекше назары әлеуметтік желілердегі ұлттық негіздегі агрессия мүмкін көріністеріне аударылды. Партиялықтардың сөзінен, мұндай жағдайларда мұқият болу қажет және арандатушылыққа ермеу қажет. Қатысушылар атап өткендей, жастар арасында бейбіт қарым-қатынастар тек қана шыдамдылық және өзара құрмет жағдайында ғана құруға болады.

- Студент үшін төзімділік – бұл студенттік ортаның ішінде және одан тыс қарым-қатынастар. Бұл қарым-қатынастарды өте қиын бақылау, өйткені олар әр адамның жеке мәдениетімен байланысты. Осылайша, студенттер арасында толерантты сана қалыптастыру қажет. Жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысы өзара түсіністікті жақсартуға, қарым-қатынаста ынтымақтастық пен төзімділікті нығайтуға ықпал етуі тиіс. Бұл әр түрлі этникалық, әлеуметтік, мәдени, діни және тілдік топтарға қатысты. Алайда бұл мәселелерді ЖОО ұжымы ғана  шешуге тиіс емес, студенттердің өзін-өзі басқаруы осымен айналысуы тиіс. Студенттер өзінің құрдастарына тезірек көңіл аударады, - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  2 курс студенті Татьяна Жалнина.

09.11.2017