Университетімізде бірінші облыстық педагогикалық олимпиада өтті

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да ректордың грантына негізгі пәндер бойынша бірінші облыстық педагогикалық олимпиаданың II кезеңі өтті. Олимпиадаға Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беру мектептерінің 131 түлегі қатысты. Кезең тест және шығармашылық тапсырмаларды орындау түрінде өтті.

Олимпиада физика-математика, биология-география, биология-химия негізгі пәндері бойынша өткізілді.

• I кезең: 2018 жылдың 5-9 ақпан аралығында - қашықтан іріктеу кезеңі, «Неліктен мен ұстаз мамандығын таңдаймын?»  тақырыбында бейнеролик дайындау;

•II кезең: 2018 жылғы 28 ақпанда – Университет базасында шығармашылық тапсырмаларды орындау;

• III кезең: марапаттау рәсімі.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры грантына облыстық педагогикалық олимпиаданың нәтижелері

01.03.2018