Университетте Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мықты жартысы нәзік жандыларға арнайы концерттік бағдарламаны дайындады. Бұл салтанатты шараны ашу міндеті университетіміздің  ректоры Серік Өмірбаевқа бұйырды. Ол осы шырайлы көктемнің  халықаралық 8 наурыз әйелдер күнімен жиналған нәзік жандыларды құттықтап, университеттің жұмысына өз үлесін қосқан қызметкерлердің бір қатарын құрмет грамоталарымен марапаттады.

Білім ордасында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің 70%-дан астамы әйелдер қауымы. Осынау ғасырлық өз маңызы бар ұлы мерекеде әйел затына ерекше мән беріліп, оларға үлкен құрмет жасалды.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз берілген.

Сонымен қатар оқу ордамыздың дарынды жастары танымал әншілердің әндерін қыз, әйелдердің құрметіне арнап айтты. Арнайы концерттік бағдарлама жиналғандардың көңілінен шықты. Бүгінгі аналарға арналған мерекелік концерт аяулы әпкелеріміз бен ару қыздарымызға мәңгілік жастықтың алауын, махаббаттың жылуын, шынайы сүйіспеншіліктің шуағын сыйлады. Әрбіреуі өз орындарынан тұрып, сахнада өнерін көрсеткендердің қатарына ду қол шапалағын аямады.   

07.03.2018