М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша X Республикалық олимпиада өтті

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жоғары оқу орындарының студенттері арасында бастапқы әскери дайындық  мамандығы бойынша X Республикалық олимпиада өтті. Жалпы додаға республикамыздың 9 ЖОО-ның студенттері қатысты.

«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша олимпиада жыл сайын өткізіледі. Өткен жылы СҚМУ студенттері бірінші орынға ие болғандықтан, биыл республикалық X кезең осы оқу қабырғасында өтуде. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, салтанатты іс шараны ашты.

Олимпиада 4 кезеңнен тұрады. 1-ші кезекте қатысушылар Бастапқы әскери дайындық мамандығынан әскери блок пәндері бойынша тестілеуден өтті. Кейін, әскери-спорттық эстафетада бақ сынасты. Жарыстың 3-ші кезеңінінде «Рубин» лазерлі оқ ату тренажерының кеуде қуысы мүсініне Макаров тапаншасы көмегімен оқ атса, 4-де әскери қолданбалы жүзуден  жүлдесті. 

Жарыс қорытындысы бойынша: жалпы есепте үшінші орынды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетті, Қожа Ахмет Яассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті құрамалары  иеленді.  Қола жүлдені Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті студенттері ұтты. Олимпиаданың жеңімпаздары болып Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрамасы атанды.

Доданың жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар, грамоталар және ескерткіш сыйлықтар табысталды.



30.03.2018